1 наурыздан бастап Шамалған стансасы маңында қозғалыс өзгереді: жүргізушілер нені білуі керек

"ҚазАвтоЖол" АҚ 2025 жылғы 27 ақпанда жол қозғалысы қатысушыларына алдағы өзгерістер туралы маңызды хабарлама жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ республикалық маңызы бар KAZ01 "Астана - Қарағанды (айналма жол) - Алматы" автожолының "Шамалған стансасының айналма жолының" 2453-2446-шақырым (42-49 шақырым) аралығындағы учаскесінде құрылыс жұмыстарының аяқталуына және қолданысқа берілуіне байланысты жол пайдаланушыларға өзгерістер туралы хабарлады.
"2025 жылғы 1 наурыздан бастап "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ хаты негізінде Алматы облысы Қарасай ауданы, Жібек жолы елдімекені арқылы өтетін аталған автожолдың 2448+900 шақырымында (46+100 шақырым) орналасқан теміржол өткелі жабылады", - делінген хабарламада.
Көлік құралдарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жаңа айналма жол ұйымдастырылды.
Компания барлық қажетті жол белгілері мен қозғалысты реттейтін құралдар орнатылғанын атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript