22 шілдеден бастап Астанадан Тілендиев даңғылы арқылы шығу бағыты өзгереді: жүргізушілер нені білуі керек
Фото: pixabay
Астанада Тілендиев даңғылында жол қозғалысына бес күнге шектеу енгізіледі. Осыған байланысты қаладан шығу бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 22 шілдеде елорда әкімдігінде айтылды.
"Н. Тілендиев даңғылының Баршын көшесінен көлік жолайрығына дейінгі учаскесінде жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, ағымдағы жылдың 22–26 шілде аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі".
Ведомство атап өткендей, қалаға кіру қозғалысы әдеттегі режимде жүзеге асырылады.
"Қаладан шығу қозғалысы ұсынылған уақытша жол жүру сызбасына сәйкес ұйымдастырылады",- деп ескертті Астана әкімдігі.
Жүргізушілерден жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтау сұралды.
Бұған дейін Қазақстандағы тас жолдарда жазғы шектеулер енгізілгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
