Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2026 09:58 Фото: Zakon.kz
Жамақаев көшесінің бір бөлігінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

27 наурыз сағат 23:00-ден 30 наурыз сағат 06:00-ге дейін Нұрлыбаев көшесінен Иванилов тұйығына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Бұл аумақты Нұрлыбаев көшесі, Иванилов көшесі және Иванилов тұйығы арқылы айналып өтуге болады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту жол белгілері, сондай-ақ мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: