Екібастұз кәсіпкерлері аттракциондар паркін қайта құруға наразы

Екібастұзда "Шахтер" ойын-сауық паркі қайта құрылады. Алайда, паркте кәсібін дөңгелетіп жүргендер оның қайта құрылуына наразы болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Еуразия бірінші арнасының" ақпаратынша, саябақтағы аттракциондардың көпшілігі әлдеқашан ескірген. Осыған байланысты, кәсіпкерлер барлығын, салыстырмалы түрде жаңаларын да 5 наурызға дейін бөлшектеу қажеттілігі туралы хабарлама алған.
Бұл паркті қайта жаңғыртуға 5 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалатын көрінеді. Бұл ретте, ол ойын-сауық паркінен тыныш демалыс орнына айналады.
Ал, аттракциондар "Екібастұздың 50 жылдығы" атындағы алаңға көшіру ұсынылған, алайды оның ауданы небәрі шамамен 2 га құрайды.
"Біз ол жаққа көшуден қорықпаймыз, бірақ бізде кепілдік жоқ. Менде тоғыз аттракцион бар, егер маған жартысын бөліп берсе, мен олардың барлығын қайда қоямын? Менен бөлек, өз аттракциондары бар екі кәсіпкер бар.Олар қайда қояды?",- деді кәсіпкер Олег Войценин.
Әкімдік кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге уәде берді.
Бұған дейін Петропавлдың қоқыс астында қалуы мүмкін екендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript