Жасанды интеллекттің дамуы аясында қандай мамандықтар жоғалып кетуі мүмкін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Сенаттағы парламенттік тыңдау барысында 28 ақпанда жасанды интеллект енгізу аясында еңбек нарығына төнетін қатерлер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Депутат Мұрат Қадырбек сарапшылардың сөздерін келтіре отырып IT-технологияларды дамыту сөзсіз еңбек нарығын қайта құруға әкелетіндігін айтты. Осыған байланысты ол еңбек нарығының қандай бағыттары жасанды интеллектпен қамтылатынын және қандай техникалық мамандықтар қысқартылатынын сұрады.
"Біз автоматтандыру, роботтандыру және жасанды интеллектті енгізу еңбек нарығына әсерін зерттедік. Зерттеуді екі бағытта жүргізді. Біз, біріншіден, еңбек нарығынан өзгеретін және жойылатын функцияларды қарастырдық. Функциялардың шамамен 29%-ы толығымен жойылады және жұмысшылар арасында сұранысқа ие болмайды. Мүмкін, 13% – жұмысшы мамандықтары қысқарады. Сіз бұл қандай салаларда болады деп сұрадыңыз ба? Медицина, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы және қаржы саласы", – деді Светлана Жақыпова.
Бұған дейін Шешенстанда Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған бортсеріктер марапатталатындығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript