Комиссия "Қазақмыс" кенішіндегі жарылысқа қатысты тергеуді аяқтады

Шахта, шахтеры, Qarmet, Кармет, горнодобывающая промышленность, добыча полезных ископаемых, горная порода, добыча угля , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2025 15:17 Фото: Telegram/qarmet_news
2025 жылдың 28 ақпанында "Еңбек адамы – ел экономикасының өсіп-өркендеуінің негізі" тақырыбындағы парламенттік тыңдауда ТЖ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Ұлытау өңіріндегі Жомарт кенішіндегі төтенше жағдайды тергеудің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 17 ақпанда Жомарт кенішінде табиғи газ жарылыс болғанын еске салды. Жеті кенші қаза тапты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды.

"Шахтаның жұмысы тоқтатылды. Тергеу шаралары жүргізілуде, комиссия жұмысын аяқтады, түстен кейін үкіметке есеп береді", – деді Кеген Тұрсынбаев.

Бұған дейін Жомарт кенішіндегі апаттың себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылғаны хабарланған болатын. Оны Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 277 бабының 3-бөлігі "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша іс қозғалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: