Астанадағы автобустардың бірі Рамазан айында Бас мешітке кірмейді
Сурет: Zakon.kz
Астана тұрғындары мен қонақтарына қаладағы автобустардың бірінің қозғалыс кестесіндегі өзгерістер туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, №43 бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
"Рамазан айы бойы бағдар Бас мешітке кірмей, Хусейн бен Талал көшесімен тура жүреді", - делінген хабарламада.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.
Компания тұрғындарға сапарын алдын ала жоспарлауды ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript