Қазақстанның жұп сындағы ең үздік теннисшісі WTA 500 турнирінің финалына шықты

Қазақстанның жұп сындағы ең үздік теннисшісі WTA 500 турнирінің финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2025 15:47 Сурет: ktf.kz
Меридада (Мексика) WTA 500 (хард төсеніші) санатындағы турнир аяқталуға жақын. Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен жұптасып, жартылай финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалға жолдама үшін өткен кездесуде қазақстандық-ресейлік теннисшілер Тимея Бабош (Венгрия)/Николь Меличар-Мартинес (АҚШ) дуэтін 3:6, 7:6 (7:4), 11:9 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 39 минутқа созылды. Данилина мен Хромачева екі рет эйс жасап, екі қос қателік жіберді, үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.

Финалда Данилина мен Хромачева Катажина Питер (Польша)/Маяр Шериф (Египет) - Александра Панова (Ресей)/Элен Перес (Австралия) кездесуінің жеңімпаздарымен ойнайды. Бұл ойын 1 наурыздан  2 наурызға қараған түні өтеді.

Айта кетейік, Данилина мен Хромачева Мексикадағы турнирдің бірінші ракеткалары болып тіркелген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: