Мемлекеттік сатып алу кезіндегі бұзушылық: Ақмола облысының білім бөліміне 1 миллион теңгеге айыппұл салынды

Госзакупки, госзакуп, государственные закупки, государственный бюджет , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2025 12:15 Фото: Zakon.kz
Ақмола облысы Бұланды ауданының прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша аудандық білім бөлімінің қызметіне талдау жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар 2022-2024 жылдар бойы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде Бөлім техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауардың жеке өнім берушіге тиесілігін айқындайтын тауар белгілерін, фирмалық атауларын, өндірушінің атауларын заңсыз көрсеткені анықтады.

"Атап айтқанда, күзет-өрт дабылы жүйелерінің жабдықтарын, кеңсе техникасын, сондай-ақ құрылыс материалдарын сатып алуға 11 шарт анықталды",- делінген ақпаратта.

Жоғарыда аталған заң бұзушылықтар бәсекелестікті едәуір тарылтады, әлеуетті өнім берушілердің ауқымын шектейді.

"Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Бөлім басшылығы ӘҚБтК-нің 207-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 1 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды (айыппұл қысқартылған тәртіппен төленді)". Ақмола облысының прокуратурасы

Бұған дейін Қазақстанда Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес жаңартылатындығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: