178 миллион теңгелік заңсыз мемлекеттік сатып алу бұзылды

178 миллион теңгелік заңсыз мемлекеттік сатып алу бұзылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2023 16:10 Сурет: Астана қаласы прокуратурасы
Астана қаласы "Есіл" ауданының прокуратурасы бюджет және мемлекеттік сатып алу заң нормаларының сақталуына талдау жүргізді.

Қалалық спорт мектептерінің бірі мемлекеттік сатып алу порталы арқылы басқа заңды тұлғаның балансында тұрған "Astana Bike" жүйесіне арналған велосипедтерді сатып алу бойынша конкурсты жөнсіз жариялағаны анықталды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.

Жоғарыда аталған әрекеттер Бюджет кодексінің 4-бабының 9-тармақшасына қайшы келеді және Жарғымен бекітілген мектеп қызметінің түрлеріне сәйкес келмейді.

Прокуратураның қадағалау актісімен 178 миллион теңгелік заңсыз сатып алу жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: