Еліміздегі тұрғын үй құрылысын дамытуға 500 млрд теңге бөлінеді

Жилые дома, жилой дом, многоквартирные дома, многоквартирный дом, жилье, квартира, новостройка, новостройки, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2025 14:29 Фото: Zakon.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2025 жылғы 4 наурызда Үкімет отырысында тұрғын үйді пайдалануға берудің ағымдағы жылғы жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 2025 жылдың нысаналы көрсеткішіне қол жеткізу үшін 19 млн шаршы метр тұрғын үйді іске қосуға "Бәйтерек" желісі бойынша 500 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу мәселесі қосымша пысықталатынын атап өтті.

"300 млрд теңге – 21 мың жалдамалы тұрғын үйді сатып алуға, 120,6 млрд теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге. 80 млрд теңге – "2-10-20" және "5-10-20", "Отбасы банкі" ипотекалық бағдарламаларын қорландыруға", – деді Ерсайын Нағаспаев.

Бұған дейін Үкімет "Бәйтерек" холдингінің капиталын бір триллион теңгеге ұлғайтатындығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: