Ұлттық экономика министрлігі атом электр стансасын салуға қаржы табылатынына сенімді

АЭС, атомная электростанция, производство электроэнергии, атомная промышленность , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2025 14:09 Фото: pixabay
2025 жылдың 4 наурызында үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов атом электр стансасының (АЭС) құрылысына қаржы табылатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жобаның егжей-тегжейлері кейінірек жабдықты жеткізуші анықталғаннан кейін талқыланатынын түсіндірді. Содан кейін технологиялар мен құны нақтыланады. Бұл сұрақтар бүгінде ашық күйінде қалып отыр.

"Жалпы, АЭС құрылысы жобасының басқа коммерциялық жобадан еш айырмашылығы жоқ. Белгілі болғандай, қаржыландырудың қандай қаражатпен берілетінін анықтайтын боламыз. Құрылысқа шетелдік техника пайдаланылған кезде экспорттық несие агенттіктерінің қаражатын пайдалануға болады", – деді Арман Қасенов.

Ол, мәселен, Қытайдан құрал-жабдық сатып алғанда, Эксимбанктің қаржыландыратынын атап өтті. Халықаралық даму институттары да қаржыландырудың әлеуетті жеткізушілері болуы мүмкін. Энергетикалық жобалар даму институттары үшін тартымды, себебі олар тәуекелі төмен.

"Олар өнімнің қандай көлемін өткізетінін, сатудағы проблемалардың аз екенін, тарифтерді белгілеу тетігі алдағы бірнеше жылға анық екенін көрсетеді. Сондықтан электр энергетикасы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобалар бүкіл әлемде тәуекелі төмен болып саналады. Қаржыландырудың табылып, тартымды шарттарда болатынына күмән жоқ", – деп түйіндеді вице-министр.

Бұған дейін Энергетика министрлігі АЭС құрылысына сатушыны таңдау туралы шешім қашан қабылданатынын хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: