Қазақмыс қаза тапқан кеншілердің отбасына барлық несиесін өтеп берді

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2025 14:20 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақмыс корпорациясы Ұжымдық шарт пен өмірді сақтандыру бағдарламасының міндеттемелерін орындау аясында кеншілердің отбасына жан-жақты көмек көрсетуді жалғастыруда.

Отбасылардың екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы негізгі борыштарының қарызы толығымен төленді. Төлемдердің жалпы сомасы шамамен 90 млн теңгені құрады.

Әрі қарай отбасылар қаржы ұйымдары алдындағы қарызды өз бетінше өтеуі тиіс.

Бұған дейін Қазақмыс барлық отбасыға 10 жылдық жалақы мөлшерінде (84 млн теңгеден 142 млн теңгеге дейін) өтемақы және жерлеу рәсіміне 550 АЕК (2,2 млн теңге) көлемінде жәрдемақы төледі.

Сонымен қатар "KM Life" АҚ сақтандыру компаниясы жерлеу рәсімін атқару үшін әр отбасына 100 АЕК төледі.

Сондай-ақ балалары 23 жасқа толғанға дейін ай сайын 524 мыңнан 921 мың теңгеге дейін асыраушысынан айырылуына байланысты сақтандыру төлемін тағайындау жоспарлануда.

Бұған қоса қазір туыстарын жұмысқа орналастыру және қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын студент балаларының оқу ақысын төлеу мәселесі қарастырылуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: