Активтерді қалпына келтіру: Қызылорда облысын сумен жабдықтауға бөлінген қаражат

Ремонт тепловых сетей, ремонт теплосетей, ремонт системы водоснабжения, теплосеть, ремонтные работы, рабочие, трубы для теплосетей, прокладка тепловых сетей , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2025 09:12 Фото: Zakon.kz
Қызылорда облысы Арал ауданында су құбырларын салу және жаңғыртуға арнайы мемлекеттік қордан шамамен 4,2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үш мыңнан астам тұрғыны бар Тоқабай және Абай ауылдарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мақсатында "Арал-Сарыбұлақ" топтық су құбырының "Арал-Тоқабай-Абай" магистральдық желісіне қосылатын тармағының құрылысы жүргізілуде.

Бұл жобаны жүзеге асыру 2021 жылы басталды. Оны аяқтау үшін қосымша 3,7 миллиард теңге қажет. Қазірдің өзінде қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚР үкіметінің баспасөз қызметі.

400-ге жуық адам тұратын Ақбасты ауылында Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының Қосман-Ақбасты магистральдық желісіне қосылатын тармақтың құрылысы аяқталу сатысында. Жобаның құны шамамен 2,4 млрд теңгені құрайды, оның 1,8 млрд теңгесі игерілді. Қалған 524 миллионы арнайы мемлекеттік қордан бөлінген.

Екі нысанды да биыл іске қосу жоспарлануда.

"Бұл жобаларды жүзеге асыру сапалы суға тікелей қолжетімділікті қамтамасыз ету және жаңа экономикалық мүмкіндіктер жасау арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартады", – делінген хабарламада.

4 наурызда Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамытуға 500 миллиард теңге бөлінетіні белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: