Алматы жастары 2025: Өтініштерді қабылдау басталды

Дом, жилье, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, аренда дома, аренда жилья, съемное жилье, съемный дом, продажа дома, продажа жилья, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2025 11:24 Фото: pixabay
Алматы әкімдігі 2025 жылғы 14-26 наурыз аралығында 35 жасқа дейінгі қала жастары үшін "Алматы жастары" бағдарламасы аясында жеңілдетілген тұрғын үй несиелерін алу бойынша өтінішті қабылдау басталғанын хабарлайды.

Бағдарламаға қатысуға өтінішті www.almaty-zhastary2025.kz ресми сайты арқылы беруге болады, авторизация электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарлама аясындағы несиелендіру шарттары:

  • Ең жоғарғы несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна – 10%;
  • Бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі;
  • Бағдарлама бойынша қамту – кемінде 2550 адам, оның ішінде 1050 "Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының жалға алушылары.

Бағдарламаға қатысу үшін негізгі талаптар:

  • Өтініш беруші мен оның жұбайының (зайыбының) өтініш беру кезіндегі Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуға тиіс.
  • Өтініш берушінің жасы өтініш беру сәтінде 35 жастан аспауы тиіс (жұбайының жасына қарамастан). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады (бар болса).
  • Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауға тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату фактілері болмауы керек.
  • Өтініш беруші соңғы 6 (алты) айда Алматы қаласында ресми түрде жұмыс істеген болуы керек және міндетті зейнетақы жарналары төленуі қажет. Қатысушы таңдаған келесі салалардың бірінде еңбек өтілі болуы керек: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, журналистика, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер.

"Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының (2019-2024 жж.) жалға алушылары үшін жас шектеулері, тұрғылықты тіркеу талабы және ресми еңбек өтіліне қойылатын талаптар қолданылмайды.

Толық ақпарат www.almaty-zhastary2025.kz сайтында қолжетімді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: