Түркістан облысының тұрғыны жиһадты насихаттағаны үшін сотталды

Түркістан облысының тұрғыны жиһадты насихаттағаны үшін сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2025 09:36 Сурет: Zakon.kz
Кентау қалалық сотында Түркістан облысының тұрғыны Р.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының тұрғынына телекоммуникация желілерін пайдаланып лаңкестік насихат жүргізді деген айып тағылды.

"2024 жылғы наурыз айынан бастап ер адам Telegram арқылы достарына қарулы жиһад туралы видео жіберді. Прокурор оны кінәлі деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін толығымен мойындады". Түркістан облысының соты

Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде жас балалардың болуын таныды. Осыны ескере отырып, сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: