Астанадағы қолайсыз ауа райына байланысты пойыздарда қосымша орындар ұйымдастырылды

ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, расписание поездов, покупка билета на поезд, покупка билетов на поезд, билет на поезд, билеты на поезд, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2025 14:33 Фото: rail-news.kz
Астана – Павлодар және Астана – Щучинск бағыттарындағы тасжолдардың уақытша жабылуы және қолайсыз ауа-райы жағдайларына байланысты жолаушылар үшін пойыздарда қосымша орындар қарастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі дерегінше, көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 10 наурызда жолаушыларды келесі станциялардан отырғызу ұйымдастырылады:

Ерейментау станциясынан (Астанаға дейін):

  • №7501 "Павлодар – Астана".

Курорт Бурабай станциясынан (Астанаға дейін):

  • №6830 "Көкшетау – Астана";
  • №6812 "Курорт Бурабай – Астана".
"Ұлттық тасымалдаушы пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жедел шаралар қабылдап, қолайсыз ауа райы жағдайында тасымалды қатаң бақылауда ұстайды. Барша азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және ұзақ қашықтыққа сапарлауды уақытша шектеуге шақырамыз".  "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Бұған дейін осы қолайсыз ауа райына байланысты Астанада әуе рейстері кешігіп жатқандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: