Түркістанда даяшы қыз әріптесін жарты млн теңгеге алдап соққан

Домашнее насилие, бытовое насилие, жертва насилия, насилие над женщинами, физическое насилие , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2025 12:44 Фото: pexels
Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасаған бойжеткенді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында анықталғандай, дәмханада ыдыс жуушы болып жұмыс істеген жәбірленуші әйел банк қосымшасын қалай қолдану керек екенін түсінбей, әріптесінен несиесін онлайн форматта төлеп беруін өтінген.

Алайда жас қыз несиені төлеп болған соң арам ойын іске асырған. Яғни сөмкеге қалдырып кеткен жәбірленушінің телефонын жасырын алып, құпия санын білген және екі бірдей банктен онлайн несие рәсімдеп, өзінің несиесін жапқан.

Жәбірленушіге жарты миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Ал арызданушы банктен несие бойынша берешек туралы хабарлама келген кезде ғана алданғанын білген.

Қазіргі таңда бойжеткенге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: