Маңғыстаулықтар Наурыз мерекесінде Гиннестің рекордтар кітабына енуге ниетті

Наурыз, празднование Наурыза, праздник Наурыз, празднование Наурыза в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2025 14:40 Фото: akorda.kz
Наурыз мерекесінде маңғыстаулықтар ұлттық киім киген 5 мың адамды жинайды. Бұл оқиға Гиннестің рекордтар кітабына енеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық комиссия мүшелері 22 наурыз күні Ақтау қаласына келеді.

Мегафестивальға қатысу үшін http://kazakhrecord.kz/ сайтына кіріп, арнайы форманы толтыруы қажет.

"Kazakh Record" фестивалі қазақтың ұлттық киімін, оның бай мәдениетін және тарихи мұрасын насихаттауды көздейді.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, бұл шара жастардың патриоттық рухын оятып, қазақи салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.

Ұлттық киімді құрметтеп, оның сәні мен мәнін әлемге паш еткісі келетін барша қазақстандықтарды "Kazakh Record" фестиваліне шақырамыз!

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: