Абзал Нүкенов Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды
Фото: Zakon.kz
Бұл туралы Ақорданың 2025 жылғы 11 наурыздағы ресми мәлімдемесінде:
"Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген. 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын "Отан" Республикалық саяси партиясы Орталық аппараты идеологиялық жұмыс бөлімінің кеңесшісі болып бастады.
2006-2009 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болды.
Сондай-ақ 2016-2018 жылдары Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болды.
2019-2022 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Басқа бұйрықпен Айжан Болатқызы Шайназарова бұл қызметтен босатылды.
Сонымен қатар, ҚР Президенті Әкімшілігінің Байланыс бөлімінің жаңа меңгерушісі тағайындалды. Бұл Қанат Құлшыманов болатын.

