Нұрғиса Тілендиевтің жұбайы өмірден өтті

Нұрғиса Тілендиевтің жұбайы Дариға Тілендиева, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2025 17:15 Сурет: Instagram/kazakh.philharmonic
Нұрғиса Тілендиевтің жұбайы Дариға Тілендиева өмірден өтті. Қаралы хабарды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің баспасөз қызметі естіртті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, талантты актриса, күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары - Дариға Тілендиеваның өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Дариға Тілендиева - ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға болды.

Дариға Тілендиева "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген "Алты жасар Алпамыс", "Құлагер", "Ақ машина", "Жамбылдың жастық шағы", "Қоштасқым келмейді" сынды көркем фильмдері арқылы, ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды.

"Дариға Тілендиеваның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады. Жақындарына сабыр, марқұмның рухына мәңгілік тыныштық тілейміз"Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: