Павлодарда жаңа күйдің тұсауы кесілді

Жаңа күй, Павлодар, Алаш қырандары, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2024 12:07 Сурет: dombyradastan.kz
Павлодарда Ұлттық домбыра күні "Алаш қырандары" атты күйдің тұсауы кесу шарасы өтті. Күй авторы - Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің күйшісі, сыбызғышысы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодарда Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен Ertis Promenade сахнасында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Шара барысында жаңа күйдің тұсауы кесілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"Жылдағы дәстүр бойынша қазақтың классикасын дәріптеу мақсатында осындай концерттік бағдарлама ұйымдастырылуда. Жалпы, бір жарым сағаттық қойылымда 20-дан астам нөмір көрсетілді. Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің күйшісі, сыбызғышысы айтулы мерекеге орай концертте "Алаш қырандары" атты авторлық күйінің тұсауын кесті", – дейді Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның басшысы Амангелді Қожанов. 

Бұл күйді олар мерекелік концертте оркестрмен ойнап берді. 

Айта кетсек, 7 шілдеде Қазақстан ұлттық аспап - Домбыра күнін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: