"Жанармай бітіп, қарға батып қалдық. Көмектесіңізші". Абай облысында бес адам құтқарылды

"Жанармай бітіп, қарға батып қалдық. Көмектесіңізші". Абай облысында бес адам құтқарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2025 19:19 Сурет: pexels
Абай облысында қар құрсауынан бес адам құтқарылды. Оқиға Аягөз ауданында "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" автожолында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Аягөз қ. 112 желісіне әйел адам хабарласып:

"Көліктің жанармайы бітіп қалып, қарға батып қалдық. Көмектсіңізші" - деді.

ТЖМ құтқарушылары боранда, қалың қарлы жолды еңсере отырып, бірнеше ондаған шақырымды жүріп өтіп, Аягөз қаласында бес адамды, оның ішінде екі баланы құтқарып, жеткізді.

Сондай-ақ Аягөз қаласына дейін салонында 43 адам болған 15 жеңіл автокөліктен тұратын колоннаны сүйемелдеді.

Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: