Жедел жәрдем көлігі арқылы бір айда 8 мың жол ережесін бұзу дерегі тіркелген

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2025 14:38 Фото: akorda.kz
Көкшетауда жедел жәрдем көлігінде жол қозғалысын бақылайтын жүйе сынақтан өтуде. Оның көмегімен бір айда 8 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді.

Алайда жүйе әзірге тек талдау режимінде жұмыс істегендіктен, айыппұл салынбайды. Жиналған деректер проблемалық учаскелерді анықтап, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған, деп жазады qazaqstan.tv.

Әзірге тек бір көлік Sergek Patrol мобильді аппараттық-бағдарламалық кешенімен, заманауи камералар және радармен жабдықталған.

Көкшетау қаласы бойынша жедел жәрдем станциясына тәулігіне шамамен 130 шақырту түседі. Сондықтан көмекке асыққанда жүргізушілер бізге жол беруді әдетке айналдырса екен, дейді станция қызметкерлері.

"Қазіргі таңда бір автокөлікке қойылды пилоттық жоспар бойынша. Соның өзінде жақсы нәтиже беруде. Әрі қарай осы пилоттық бағдарлама іске асып, барлық автокөліктерге қойылса, мына жедел жәрдемге жақсы көмек болар еді. Өте ауыр науқастар болады. Оларды жылдам алып бару керек болады. Сол кезде қатты көмегін тигізеді." Исатай Бейімбетов, Ақмола облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкері
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: