Түркістанда сушиден уланған 22 адам ауруханада жатыр

Түркістанда сушиден уланған 22 адам ауруханада жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2025 18:17 Сурет: pixabay
Түркістанда 22 адам сушиден уланып қалған. Қазір олардың жағдайы жақсы, ешқандай шағымы жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оларға "Тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай" диагнозы қойылған.

"Түркістан қалалық орталық ауруханасына 22 науқас жатқызылды. Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайлары қалыпты. Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарға жатқызылып, ем тағайындалған, дәрі-дәрмек жеткілікті", - деп хабарлады ведомство.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: