Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады

Наурыз, празднование Наурыза, праздник Наурыз, празднование Наурыза, поздравления Токаева с Наурызом, поздравление Токаева с Наурызом, Касым-Жомарт Токаев, поздравление президента с Наурызом, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2025 09:00 Фото: akorda.kz
14 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз.

Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі.

"Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін. Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Айдан аман, жылдан есен болайық!" Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 14 наурызда Қазақстан Президенті Ұлттық Құрылтайдың IV отырысына қатысады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: