Антициклон Қазақстанға қандай ауа райын әкеледі

Весна, потепление, весна в Алматы, пасмурная погода, тучи, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2025 12:39 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы үш күнге – 2025 жылдың 15 наурызы мен 17 наурызы аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды. Мәліметтерге сүйенсек, ауа температурасы көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша температуралық фон күтілуде:

  • Республиканың батысында негізгі фон түнде +2+7°С, күндіз +12+20°С,
  • солтүстік облыстарда түнде -1-10°С-тан -3-2°С-қа дейін, күндіз +1+6°С-тан +5+10°С-қа дейін,
  • Республиканың шығысында түнде ауа температурасы -12-22°С-тан -5-12°С-қа дейін, күндіз -2°С +6°С-тан +1+8°С-қа дейін көтеріледі,
  • Республиканың оңтүстігінде түнде негізгі фон +2+7°С, күндіз +13+18°С-тан +18+23°С-қа дейін көтеріледі,
  • елдің оңтүстік-шығысында негізгі фон -2°С +3°С, тауларда -8-13°С, күндіз +10+15°С-тан +15+20°С-қа дейін көтеріледі.
"Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райы жағдайына екі қарама-қарсы атмосфералық процесс әсер етеді, шығыс, орталық және солтүстік-шығыс аймақтарды қамтитын антициклон жауын-шашынсыз құрғақ және тұрақты ауа райын қалыптастырады", – делінген болжамда.

Бұл ретте, Гидрометеорологиялық орталықтың хабарлауынша, батыс, солтүстік және оңтүстік облыстар солтүстік-батыс циклонының шұңқырының ықпалында болады, бұл жауын-шашынға (жаңбыр мен қарға), желдің күшеюіне және көктайғақтардың пайда болуына әкеледі. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, көру мүмкіндігін азайтады.

"Күтілетін жауын-шашын, тұман және көктайғақ жол жағдайын қиындатуы мүмкін, сондықтан жүргізушілерге сақтық шараларын сақтау ұсынылады". "Қазгидромет" РМК
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: