Алматы әкімі Ерболат Досаев Беларусь Республикасының елшісімен кездесті

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаев Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесті., сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2025 14:08 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда қала әкімі Ерболат Досаев Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесті.

Қала басшысы Алексей Богдановты жақында дипломатиялық қызметке тағайындалуымен құттықтап, Алматы мен Беларусь Республикасы арасындағы ұзақ мерзімді достық қатынастарға негізделген жоғары деңгейдегі ынтымақтастығын атап өтті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, атап айтқанда, сауда-экономикалық байланысты дамыту, инвестициялық өзара әрекеттестік және мәдени-гуманитарлық алмасу мәселелері талқыланды.

Беларусь – Алматының маңызды экономикалық серіктесі. Қалада белорус капиталы бар 405 кәсіпорын жұмыс істейді, ал 2024 жылы Алматы мен Беларусь арасындағы тауар айналымы шамамен 300 млн АҚШ доллар болған.

Кездесу соңында тараптар өзара іскерлік делегацияларды жіберу, сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын жандандыру туралы келісті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: