Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев "Алматы – ортақ үйіміз" акциясын бастады.

Ерболат Досаев тапсырма берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 13:36 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда "Алматы – ортақ үйіміз" акциясы басталады. Осыған орай қала әкімі Ерболат Досаев қалалықтар алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ежелден Наурыз жаңару мен жаңғыруды бейнелеген. Бұл - қоршаған орта мен үйлердің айналасын тазартып, ретке келтіретін кезең. Отан сенің үйіңнің табалдырығынан басталады. Ал біз үшін Алматы - ортақ үйіміз. Осынау ару қалада біз өсіп, өндік, ата- аналарымыз осынау киелі мекенде өмір сүруде, балаларымыз саябақтар мен скверлерде асыр салып, серуендеуде." Ерболат Досаев

Әкімнің пайымдауынша, бүгіннен бастап, бір ай бойы "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанын бастаймыз және өткіземіз.

"Мақсат - біздің сүйікті қаламыз одан да жақсы және әдемі болуы үшін барлық ниеттес тұрғындарды біріктіру. Бұл тек тазалық пен тәртіпке ғана емес, сонымен бірге өзіміз бірге жасаған құндылықтарға ұқыпты қарауға да қатысты." Ерболат Досаев

Әкімнің сөзінше, үлкен істер кішіден басталады.

"Ұлы Абай айтқандай, "Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды". Сондықтан игі істерді өзімізден, үйімізден, ауламыздан бастайық. Алматылықтар үнемі өз қаласына ерекше құрметпен қарау арқылы ерекшеленеді. Әрине, мен әркімнің жеке істері бар екенін түсінемін, бірақ қаламыз біреу әрі бәрімізге ортақ." Ерболат Досаев

Досаевтың сөзәнше, оның жеке тапсырмасы бойынша барлық қалалық коммуналдық қызметтер, аудан әкімдіктері алдағы науқанға белсенді қатысады. Барлық іс-шаралар қала атынан қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген.

"Осы алдағы апталарда ниеттес азаматтардың барлығын біздің ортақ іс-шараларымызға қосылуға, өз аулаларын, көшелерін абаттандыруға және тазартуға, экоакцияларға қатысуға шақырамын. Алматының бизнесі де қаланың дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосатынына сенімдімін." Ерболат Досаев

Мемлекет басшысы Алматы еліміздің ең мәдени және таза қаласы болуы тиіс деп есептейді! Мен сүйікті қаламыздың ең жақсы және әдемі мәртебесін растай алатынымызға бәріміз бірігіп күш- жігерімізді жұмсайтынымызға сенімдімін, - деп ойын жеткізді Ерболат Досаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: