Солтүстік Қазақстан облысында үш күн ішінде 16 мас жүргізуші жауапқа тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында үш күн ішінде 16 жүргізуші әкімшілік қамауға алынып, 7 жылдан 9 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2025 13:59 Сурет: pexels
Солтүстік Қазақстан облысында үш күн ішінде 16 жүргізуші әкімшілік қамауға алынып, 7 жылдан 9 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар алкогольдік масаң күйде көлік басқарып, өздеріне де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндірген.

Бұл фактілер облыстық "Мас жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.

Іс-шара аясында патрульдік полиция жасақтары күшейтіліп, түнгі уақытта көңіл көтеру орындарына жақындатылды.

Үш күн ішінде полицейлер 950 түрлі жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін анықтады. Ең көп таралған құқық бұзушылықтар – қауіпсіздік белдігін тақпау (96 жағдай) және көлік жүргізу кезінде телефон қолдану (141 жағдай). Сонымен қатар 36 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген.

Полицейлер көлік құралдарының жоғары қауіптілік көзі екенін еске салады. Оны масаң күйде басқаруға қатаң тыйым салынады. Жыл басынан бері облыста 170-ке жуық мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: