Атырауда мал жаю қағидаларын бұзған 17 адам жауапқа тартылды

11-31 наурыз күндері аралығында мал ұрлығының алдын алуға, оларды жасауға қатысы бар адамдарды анықтап, ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған республика көлемінде "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2025 14:25 Сурет: ҚР ІІМ
11-31 наурыз күндері аралығында мал ұрлығының алдын алуға, оларды жасауға қатысы бар адамдарды анықтап, ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған республика көлемінде "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шара аясында қала аумағында мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 15 автокөлік және ет өнімдерін сататын 30 орын, 28 шаруа қожалықтары тексерілді.

Шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды және ұжымдық шаруа қожалықтарына тексерулер жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабымен 14 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, 170 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.

Ал Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзған 3 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, 120 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: