Жыл басынан бері 313 адам өрттен құтқарылды

Жыл басынан бері 313 адам өрттен құтқарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2025 11:23 Сурет: Zakon.kz
Жыл басынан бері еліміздің тұрғын үй секторында 1 мың 138 өрт оқиғасы тіркеліп, 52 адам қаза тапты. Оның алтауы – бала.

Жедел шаралар нәтижесінде 313 адам құтқарылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері айтты.

Қазір, өрттің алдын алу жұмыстары күшейтіліп, халықты ақпараттандырудың заманауи әдістері енгізіліп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Мысалы, QR-кодтар, LED экрандар және ата-аналар чаты арқылы ескерту хабарламалары таратылады.

Сондай-ақ министрлік қауіпсіздік ортақ жауапкершілік екенін еске салып, тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: