Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында жыл басынан бері алтынды заңсыз жолмен алмақ болған үш адам қаза тапты

Ақмола облысының прокуратурасы, алтын, алтынды заңсыз жолмен өндірушілер, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2023 10:30 Сурет: ҚР Ұлттық банкі
2023 жылдың басынан бері қазақстандық шахталарда алтынды заңсыз өндірмек болған үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының прокуратурасы баспасөз қызметінің 20 қазан күні хабарлауынша, Степногорск аймағының аумағында жерасты шахталарына заңсыз кірудің бірнеше дерегі анықталған.

"Соңғы 5 жылда шахталарға заңсыз кіргені үшін ӘҚБтК 506-бабы бойынша 4 295 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 480 адам заңсыз әркетке қайта барғаны үшін, 100-ден астам адам бірнеше рет қайталағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 2023 жылда шахталарда заңсыз алтын іздеген үш адам қаза тапты".Ақмола облысының прокуратурасы баспасөз қызметі

Биыл бұрын да осындай құқықбұзушылық жасаған заңсыз алтын іздеуші жарылыс әсерінен қаза тапқан.

Прокуратура қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру ӘҚБтК 506-бабы бойынша әкімшілік, сондай-ақ ҚР ҚК 269-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетінің және аталған баптың санкциясы жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделгенін ескертті.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: