Түркістан облысында екі тұрғын кәмелетке толмағандардың порновидеосын сатумен айналысқан

Түркістан облысында кәмелетке толмағандардың порновидеоларын сатумен айналысқан екі тұрғын ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2025 19:46 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Қызылорда облысының 2007 және 2006 жылы туған екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар Telegram әлеуметтік желісінің жабық топтарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен порнографиялық бейнежазбаларды сатумен айналысқан.

Бұл факт ҚК-нің 312-бабы 1-бөлігі (кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдардың немесе заттарды дайындау және айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, ІІМ наурыз айында "STOP-трафик" операциясын жүргізді. Іс-шараның үш күнінде полицейлер адам саудасымен, адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартумен, притондар ұстаумен және жеңгетайлықпен байланысты 40 қылмысты анықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: