Шымкентте әйелдер мерекесінде алаяқтық жасаған күдіктілер анықталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2025 10:10 Фото: Zakon.kz
Киберполицейлер қаланың жүздеген нәзік жанды тұрғынын әйелдер мерекесінде сыйлықсыз қалдырған алаяқтық схеманы ашты.

8 наурызға бірнеше күн қалғанда қаскөйлер әлеуметтік желіде шоколадтағы құлпынай сататын жалған онлайн-дүкен парақшасын ашқан.

Сенімді көрінген сайт жақындарын қуантқысы келген тұрғындардың назарын аударған.

Жәбірленушілер анасына, әжесіне, жұбайы немесе әпкесіне арналған сыйлыққа тапсырыс беріп, ақшасын төлегеннен кейін уәде етілген тәттілерді ала алмаған.

Жедел іс-шаралар барысында құқық қорғаушылар күдіктілерді анықтап, ұстады.

Қылмыстық жолмен ақша табуды ұйғарғандар екі жас жігіт болып шықты. Олар қамауға алынды. Қазіргі таңда полицейлер істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция алаяқтықтың құрбаны болмас үшін интернетте онлайн сатып алу кезінде аса мұқият болуға кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: