Жамбыл облысының тұрғынынан 11 келі гашиш тәркіленді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2025 10:40 Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында Шу ауданының 61 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сату мақсатында сақтап, тасымалдаған.

Полиция қызметкерлері Алматы – Екатеринбург тас жолында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Land Rover автокөлігін тоқтатқан.

Тэя атты қызметтік иттің көмегімен автокөліктің салонын тексеру кезінде артқы жолаушылар орындықтарының астынан өсімдік тектес қара-жасыл түсті ұнтақ заты бар 11 полиэтилен пакет табылды.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 11 келі 120 грамм гашиш есірткі заты болып шықты.

Тергеу барысында күдіктінің есірткі құралдарын Шу ауданының құмды аймағында дайындап, Қарағанды қаласына апарып сатпақ болғаны анықталды. Қазіргі уақытта ол Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: