Жамбыл облысының тұрғынынан 15 келіден астам марихуана тәркіленді

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2025 14:58 Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Тасөткел ауылынан 8 километр жерден Шу ауданының тұрғынын есірткі өсімдігін жинау кезінде ұстады.

Тергеу барысында ер адамның жанынан орақ және алдын ала жинап қойған 15 келіден астам марихуана анықталды.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жалпы 11 айда есірткіге қатысты 500 құқық бұзушылық анықталып, заңсыз айналымнан 9,2 тоннадан астам түрлі есірткі, оның ішінде 9 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

Республиканың басқа аймақтарына жіберілмек болған 18 есірткі каналының жолы кесілді. 2 қылмыстық топ анықталып, бір есірткі зертханасы жойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: