Елордада үш жасырын ет өңдеу цехы анықталды

Астана қаласында мал ұрлығының алдын алу және қылмыстарды ашу мақсатында "Мал ұрлығы" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.
Оның барысында заңсыз жұмыс істеген үш жасырын ет өңдеу цехы анықталды. Жедел іс-шара барысында шаруа қожалықтарының үш нысаны, фермалар мен жайылымдық жерлер, бес қасапхана тексеріліп, шаруа қожалықтарының иелерімен санитарлық нормалар туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Сонымен қатар ет өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 3 дерегі анықталды. 30 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркеліп, хаттамалар толтырылды.
Қазіргі таңда қосымша тергеу жүргізіліп, ұйымдастырушыларға қатысты шаралар қабылдануда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript