Бас мүфти баршаны ЛГБТ сынды арсыздықтың алдын алуға және одан сақтануға шақырды

Бас мүфти, Наурызбай қажы Тағанұлы, ЛГБТ, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2025 19:52 Сурет: muftyat.kz
Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі ЛГБТ жолындағыларға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бас мүфти "Түркістан" телеарнасына берген сұқбатында айтты.

"ЛГБТ ата-баба жолына қарсы дүние! Әлемде демократиялық моральдық принципін жамылған идеяологиялар белең алуда. Біз ешқашан өзгенің таным-түсінігімен өмір сүре алмаймыз. Сондықтан батыс елдерінен келген ЛГБТ және оған қатысты барлық жат түсініктер біздің асыл дінімізге де, ата салтымызға да қайшы деп білеміз. Абдулла ибн Аббас (Алла оған разы болсын): "Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелге ұқсағысы келген еркектерге және еркектерге ұқсағысы келген әйелдерге лағынет айтты",– деген. Ендеше мұндай арсыздықтың алдын алуға және одан сақтануға шақырамыз", - дейді ол.

Айта кетсек, 2025 жылы 14 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы Ұлттық құрылтай отырысында ЛГБТ-ны да тілге тиек етті

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: