Алматыдағы "Ақсай" су жинағыштың құрылысы біткен соң 150 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылады

«Ақсай» су жинағыштың құрылысын аяқтау 2025 жылдың қарашасына жоспарланған, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2025 10:55 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Ақсай" су жинағыштың құрылысын аяқтау 2025 жылдың қарашасына жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, бүгінде жұмыстардың 80%-ы аяқталған. Құрылыс маусымы басталған соң, нысанға апаратын көпірлер мен жолдардың құрылысы жалғасады. "Integra Construction компаниясы белгіленген кестеге сәйкес қараша айында іске қосу-жөндеу жұмыстарын аяқтайды. Осылайша, қаланың батыс бөлігі мен Алматы облысының бірнеше елді мекені сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.


Барлық қажетті қаражат бөлінді, бастысы – мердігер жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауы тиіс", – деді Ерболат Досаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: