Алматыда мыңдаған бала Наурыз мерекесіне орай бір уақытта күй орындады

Алматыда Наурыз мейрамын атап өту аясында ауқымды челлендж өтті. 20 наурыз күні сағат 11:00-де қаланың сегіз ауданында мыңдаған оқушы республикалық акцияға қатысып, домбырада күйлер орындады., сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2025 11:49 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Наурыз мейрамын атап өту аясында ауқымды челлендж өтті. 20 наурыз күні сағат 11:00-де қаланың сегіз ауданында мыңдаған оқушы республикалық акцияға қатысып, домбырада күйлер орындады.

Ұлттық киім киген жас музыканттар "Адай", "Балбырауын" және "Ерке сылқым" күйлерін орындап, қаланың көшелерін қазақтың күйімен тербетті.

Челлендждің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық музыкалық мұраны сақтау және насихаттау.

Музыкалық флешмоб еліміздің әр қаласын ұлттық аспаптың күмбірімен біріктіріп, жас домбырашылардың дәстүрлі музыкаға деген сүйіспеншілігін көрсетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: