Қазақстан киберқауіпсіздік саласы дамыған елдер тізіміне енген

Қазақстан киберқауіпсіздік саласы дамыған елдер тізіміне енген, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2025 15:10 Сурет: pexels
Бізде киберқауіпсіздік маманын даярлайтын 8 білім беру ұйымы бар. Гранттар саны да жыл сайын көбейіп келеді. Мәселен өткен жылы салаға 3 мың 600 оқу гранты бөлінді.

Одан бөлек отандық 50 компания киберқауіпсіздік бағытында сапалы қызмет атқарып жатыр. Бұл туралы Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасы айтты.

Дербес деректерді қорғауда заңнаманы бұзғандарға айыппұл көлемі ұлғайтылды. "Еговта" "Стоп-кредит" функциясы қосылды, яғни азаматтар несие алудан ерікті түрде бас тарта алады, деп жазады qazaqstan.tv.

Осылайша атыңызға несие рәсімдейтін алаяқтардан сақтануға болады. Бүгінде Қазақстан киберқауіпсіздік саласы дамыған мемлекеттер тізіміне енген.

"2024 жылы Халықаралық электробайланыс ұйымы рейтинг жасады. Ол рейтинг бойынша мемлекеттерді 5 топқа бөлген. ТР-1, ТР-2, ТР-5-ке дейін. Біздің мемлекет ТР-2 тобында орналасқан. Бұл Advanced тобы. Бұл киберқауіпсіздік саласы дамыған мемлекеттер қатарында. ТР-1-ге өту үшін 95 баллға жету керек. Қазіргі кезде біздің балымыз 94,6 балл." Үмітжан Арықбекова, ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: