Қазақстанда мектептер мен колледж түлектерінің саны артты

Студенты, университеты, вузы, абитуриенты, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 10:50 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл туралы 2026 жылғы 8 қыркүйекте Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің мәліметінше, 2023-2024 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы 344,9 мың орынды құрады.

"2024-2025 оқу жылында оның көлемі 29,4 мың орынға ұлғайып, 374,3 мың орынға жетті. Ал 2025-2026 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы тағы 19 мың орынға артып, 393,3 мың орынды құрады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Осылайша, үш жылда мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 48,4 мың орынға немесе 14%-ға өскен.

Министр түлектер санының да жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

"2023-2024 оқу жылында түлектер саны 141,3 мың адам болса, 2025-2026 оқу жылында бұл көрсеткіш 169,2 мың адамға жетті. Өсім 19,8%-ды құрады", – деді ол.

Ең жоғары өсім мына бағыттарда тіркелді:

  • жұмысшы біліктілігі бойынша – 47,5 мыңнан 60,1 мың адамға дейін;
  • орта буын мамандықтары бойынша – 88,2 мыңнан 103,2 мың адамға дейін;
  • қолданбалы бакалавриат бағдарламалары бойынша – 5,6 мыңнан 5,9 мың адамға дейін.

Бұған дейін Қазақстанда мектеп директорлары мен мұғалімдерді тағайындау тәртібі өзгергенін жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: