Лондонға ұшатын жолаушыларға рейстердің кейінге шегерілетіні жайында ескертілді

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, здание аэропорта Алматы, Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2025 11:34 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі қазақстандықтарға Лондонның Хитроу әуежайындағы жағдайға байланысты екі халықаралық рейстің кейінге шегерілетіні туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуекомпаниясының ақпаратына сүйенсек, Алматы-Лондон және Лондон-Алматы бағыттарындағы KC663/664 рейстер 21 наурыздан 22 наурызға шегерілгені айталады.

Рейстің кешіктірілуіне электр подстанциясындағы өрт салдарынан Хитроу әуежайында электр құрылғыларының істен шығуы себеп болды.

Рейс статусын әуекомпания сайтында тексеріп отыру ұсынылады.

2025 жылдың 21 наурызында Лондонда мыңдаған адам қаланың оңтүстік-шығысында Хейс ауданында орналасқан электр қосалқы станциясында күшті жарылыс пен өрттен кейін жарықсыз қалды. Хитроу әуежайын да қараңғылық басып қалды. Оның жұмысы күннің соңына дейін тоқтатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: