Қазақстанның үш облысында тас жолдарда қозғалысқа шектеулер енгізілді

Дорога, трасса, дорожное строительство, дорожная инфраструктура, новая дорога, новая трасса , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2025 10:09 Фото: Zakon.kz
2025 жылдың 25 наурызында Қазақстанның үш облысында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 08:00-ге қарай республикалық маңызы бар үш жолда көлік қозғалысы шектелді.

Ақтөбе облысында:

  • "Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз" автожолы, 3-92 км (Қандыағаш – Ембі).

Қостанай облысында:

  • Қазақстан-Ресей шекарасының бейтарап аймағында, Мариновка ауылының маңында (РФ-дағы ауыл).

Солтүстік Қазақстан облысында:

  • "Петропавл қаласының айналма жолы", 4-7 км (Қожаберген жырау айналмасынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазір жолдарды күтіп ұстауға 62 арнайы техника мен 96 адам жұмылдырылған.

Бұған дейін синоптиктер қазақстандықтарға 25 наурызда Алматыда және еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланғанын хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: