Шығыс Қазақстанда су тасқынының алдын алу шаралары қолға алынды

ТЖМ әскери қызметшілері ШҚО-да су тасқынының алдын алуға көмектесуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2025 16:25 Сурет: Telegram/qr_tjm
Шығыс Қазақстан облысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметкерлері су тасқынының алдын алуға атсалысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 25 наурызда Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram арнасында жарияланған ақпаратта айтылған.

ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қиын қолжетімді учаскелерді қардан тазартып, еріген судың кедергісіз ағуы үшін су өткізу құрылыстары мен арықтарды ашуда.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, Алтай қаласы, Зубовск кенті және Тұрғысын ауылындағы 3 035 метр арық жүйесі, 40 метр көпір, 14 су өткізу құрылысы қардан тазартылды. Сондай-ақ, әскери қызметшілер 200-ден астам қапты инертті материалмен толтырды.

Жалпы, аудан халқы мен аумағын су тасқынынан қорғау жұмыстары жалғасуда.

Бұған дейін Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су қоймаларындағы жағдай туралы ақпарат таратқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: