Шымкентте бір килограмм есірткімен курьер ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2025 09:17 Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар бірқатар қылмыстың жолын кесті.

Шымкент қаласында 25 жастағы азамат ұсталды. Одан есірткі және синтетикалық есірткілерді өткізуге арналған заттар тәркіленді.

Оның айтуынша, ол есірткі таратумен айналысып, интернет-есірткі дүкені үшін ораушы әрі курьер қызметін атқарған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір килограмға жуық.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: