Ресейде павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деген күдікті ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2025 15:58 Фото: Zakon.kz
Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ресей Федерациянің Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында Қазақстанның азаматы, бизнес серіктесін өлтіргені үшін күдікті ретінде жедел іздестіру шаралары барысында ұсталды.

Еске сала кетейік, бұл оқиға биылғы жылдың ақпан айында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласындағы үйлердің бірінің ауласында кәсіпкердің мәйітін тапқан кезде орын алды.

Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды.

Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін тиісті шара қолдануда.

Осы жасалған қылмысты іске сәйкес 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: