Телефондардың IMEI кодын тексеру 2 айға шегерілді

Телефондардың IMEI кодын тексеру 2 айға шегерілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2025 14:06 Сурет: pixabay
Қазақстанда ұялы телефондардың IMEI кодын тексеру 25 мамырға дейін шегерілді.

Бұған дейін сала министрлігі тиісті өзгерістер 25 наурызда күшіне енгенін мәлімдеген еді.

Бірақ, нарық қатысушыларының пікірінен кейін қосымша уақыт беру туралы шешім қабылданған.

Жаңа талапқа сәйкес, енді Қазақстанға алғаш рет әкелінген ұялы телефондардың IMEI кодтары тексеріледі, деп жазады qazaqstan.tv.

25 мамырдан кейін сынақтан өтпеген құрылғылар ұялы телефон желісіне қосыла алмайды. Жаңа тәртіп ұрланған, бұғатталған және жалған құрылғыларды жояды. Сатып алушыларды сапасыз тауардан қорғайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: