Маңғыстауда қылмыстық есірткі тобынан миллиард теңге және 176 мың доллардан астам ақша табылды

Маңғыстауда қылмыстық есірткі тобынан миллиард теңге және 176 мың доллардан астам ақша табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2025 14:42 Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Бас прокуратура Маңғыстау облысында қылмыстық есірткі тобын ұйымдастырды деген күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар айында Маңғыстау облысының прокуратурасымен есірткі және психотроптық заттарды өткізу дерегі бойынша (ҚК-нің 297-б. 3-б. 1-т.) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қылмыстық істі тергеп-тексеруді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасына тапсырылды.

Облыс прокуроры Айдос Майлыбаевтың өкімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі және облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері де кірді.

2025 жылғы 28 наурызда тергеп-тексеріліп жатқан қылмыстық істің екі эпизоды бойынша қатысы бар адамдар ұсталып, ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Сотпен оларға қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Оқиға болған жерді қарап-тексеру кезінде 1,174 млрд теңге және 176 мың АҚШ доллары алынды.

Іс бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатыр.


"ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді. Тергеп-тексеру барысы облыс прокурорының қатаң бақылауында", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: